26.03.2024
  434


Автор: Сұлтан Қалиұлы

Қанат, Марат екеуi
Қамшы өре алады.
Таңат, Талап екеуi
Тамаша ән салады.
Самат, Сағат екеуi
Төгiлтiп күй шертедi
.
Бабақ, Барақ екеуi
Бiледi көп ертегi.
Абақ, Манап екеуi
Ат үйретiп жүредi.
Жанат, Манат екеуi
Киiм-кешек тiгедi.
Балаларды өнерлi
Есептеп сен көр ендi
.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Назима
Назима 15.01.2026 21:31
Жауабын шығар жұмбақ ың
Нурсултан
Нурсултан 23.12.2024 10:15
Он екі

Пікір жазу