Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
22.03.2024
192
Дүрбi
Келдi үйге бiр кiсi,
Сұрастырды хал-жайды.
Мойнында бар дүрбiсi,
Теңiзшiден аумайды.
Терең алып тынысын,
Ұлдар таңдай қағысты.
Сұрадық бiз дүрбiсiн,
Қарайық деп алысты.
Қоймаған соң еркелеп,
Ұсынды ол жаны ашып.
Барлық бала ентелеп,
Қарап жатыр таласып.
Айрылып ем төзiмнен,
Маған кезек жеттi ендi.
Сығаладым көзiнен,
Шешiп тастап кепкемдi.
Алыстағы алма бақ
Көз алдымда тұр, мiне.
Сыландайды тал-дарақ
Таңданғандай дүрбiге.
Қараторғай тұрады
Үйшiгiнде ағамның.
Шiркейлердi қырады,
Көмекшiсi адамның.
Әне, ол да қол созым
Жерде отыр алаңсыз.
Шiркiн, сипап көрсе өзiн,
Үңiлемiн амалсыз.
Қорықпай өзi тәртiппен
Жақындаса осылай,
Шоколадпен,
Кәмпитпен
Сыйлар едiм досымдай.
Торлап алды менi мұң,
Ойландырмас мұң кiмдi?
Жақындығын көңiлдiң
Сездiрсе ғой бұл дүрбi.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇