10.03.2024
  531


Автор: Наурыз мейрамы

Мен бақытты баламын

Мен бақытты баламын,
Айтқан тілді аламын.
Әжемменен бірге мен,
Наурыз тойға барамын.

Мен бақытты баламын,
Жұлдыз болып жанамын.
Наурыз тойда ән салып,
Алғысты көп аламын.

Мен бақытты баламын,
Ерекшемін, дарамын.
Наурыз тойда баршаның,
Көңілдерін табамын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу