19.02.2024
127
Сұрақ: Ниет қалай болуы тиіс?
Жауап: Оразаның өзі бірнеше түрге бөлінеді:
- Парыз ораза – Рамазан айының оразасы.
- Уақытын белгілеп, серт етіп ұстайтын ораза.
- Уақытын белгілемей, серт етіп ұстайтын ораза.
- Рамазан айының қазасы.
- Бұзылған нәпіл оразаның уәжіп болған қазасы.
- Кәффарат (жаза) оразасы.
- Нәпіл ораза.
Рамазан айы және уақыты белгіленген серт оразасы мен ерікті оразаларға түннен бастап ниет етуге болады. Бірақ шарт емес. Түске дейін ниет етсе болады. Ал, рамазан оразасының қазасы, уақытын белгілемей, серт етіп ұстайтын ораза, кәффарат, бұзылған нәпіл оразаның қазасы сияқты ораза түрлеріне түннен ниет ету қажет[4].
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇