04.02.2024
  199


Автор: Қазақ тілі

Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған аралық бақылау


 


Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін жинақтап, сауаттылығын тексеру, білімдерін анықтау.


 


Астана – бас қала


 


1998 жыл­дың 6  ма­мыр­да  Ақмола  қаласын  Ел­ба­сының  жар­лығымен  ҚР-ның ас­та­насы —  Ас­та­на қаласы бо­лып атал­ды.


         Астана қаласында Президент сарайы, Парламент ғимараты, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Еуразия университетінің жаңа корпусы, Жастар сарайы, көп қабатты жаңа үйлер мен ғимараттар бар. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орнатылған. Әсем Есілдің оң жағасында салынып жатқан жаңа сұлулығы ерекше. Мұндағы салынып жатқан құрылыстар алыстан көз тартады. «Бәйтерек» ғимараты Астана тұрғындарын, жақын, алыс шетелдерден келген қонақтарды таң қалдырады.


       Қазір Астана – Егеменді Қазақстан Республикасының астанасы болып саналады.. Ол - өте көркем қала.


(83 сөз) Диктанттар жинағы.1998 ж.


                                                  


Тапсырмалар.


 


 


ІІІ деңгей.



  1. Мәтіннің тақырыбын ашатын 3 сұрақ қойыңыз.

  2. І-нұсқа: Мәтіннен тәуелденген сөздерді теріп жазыңыз (жағын анықтаңыз)


      ІІ-нұсқа: Мәтіннен септелген сөздерді теріп шығыңыз. (септік түрін жазыңыз) 



  1. Сөз құрамына талдаңдар.


І-нұсқа. Егеменді, Қазақстан, Республикасының.


ІІ-нұсқа. Қаласын,  Ел­ба­сының,  жар­лығымен.


ІІ деңгей.



  1. Мәтіннен күрделі сөздерді теріп шық және жасалуын анықтаңыз. (орташа 4-5 сөз)

  2. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз және құрмалас сөйлемге айналдырып жазыңыз


    1998 жыл­дың 6  ма­мыр­да  Ақмола  қаласын  Ел­ба­сының  жар­лығымен  ҚР-ның ас­та­насы —  Ас­та­на қаласы бо­лып атал­ды.


І деңгей.



  1. Отан туралы мақал-мәтелдерді жатқа жазып, біреуінің мағынасын түсіндір.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу