25.01.2024
165
Сұрақ: Қарызы бар адам садақа беруіне бола ма?
Жауап: Алған қарызды қайтару – уәжіп. Ал садақаның үкімі – мұстахаб. Хадисте: «Жағдайы бола тұра қарызды өтемей созып жүру – зұлымдық», – деп ескертілген (әл- Мустадрак). Сол себепті, қарызы бар адам әуелі бе- решегінен құтылуды ойлағаны абзал. Дегенмен берген садақасы қарызын өтеуге кедергі келтірмесе яки қары- зын өтейтін уақытта берешегінен құтыла алатындығына сенімді болса, қажеттілігінен тыс дүниеден шама-шар- қынша садақа беруіне болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇