21.01.2024
84
Сұрақ: Егер ораза кезінде әлсіздікті сезінсе, оразасын бұза ала ма?
Жауап: Егер аузы берік адамның оразаны жалғастыруы ауыр болып жатса, ол күндері оразаны тоқтата тұруға болады. Алайда жеңіл-желпі қиналғанға бола оразасын бұзуға тиым салынады. Шын мәнінде өзін жайсыз сезініп, денсаулығына қауіп төнер болса, оразасын ашуға болады (мысалы, мұсылман дәрігердің айтуымен). Құранда: «Шынында, Алла сендерге жеңілдікті қалайды, ауыртпалық артқысы келмейді», – делінген («Бақара» сүресі, 185-аят). Әлсіздікті сезініп, оразасын ашқан адам денсаулығы жақсарған соң қаза болған күндерін өтеуі қажет.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇