21.01.2024
  104


Автор: Сұрақ-жауап




Сұрақ: Ораза қай уақыттан қай уақытқа дейін ұсталады?


Жауап: «Бақара» сүресінің 187-аятында: «Таңның ақ жібін түннің қара жібінен ажыратқанға дейін жеп-ішіңдер. Содан кейін күн ұясына батып, ымырт түскенге дейін оразаны толық ұстаңдар», – делінген. Демек оразаның уақыты – таң намазының уақыты кіргеннен бастап, күн батқанға дейін. Сақтық үшін таң намазына 10 минут қалғанға дейін сәресін ішіп ауыз бекіткен абзал. Ақшам намазының уақыты кіргенде ауыз ашады.







Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу