Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  104


Автор: Жібек Ысқақова

ТАЛАП, ЕҢБЕК, ТЕРЕҢ ОЙ

Қазіргінің адамы қандай өзі,
Өсек сөзге сенеді жетпей көзі.
Біреулерді сыртынан ғайбаттайды,
Сүйектерден өтердей әрбір сөзі.
Қаулатады өсекті жанған оттай,
Одан басқа айтатын шаруа жоқтай.
Бір ортаға жиналып жамандайды,
Бірін-бірі қолпаштап, тыныш жатпай.
Қайда бастап барамыз қайран қазақ,
Өзгелерді жамандап, қылып мазақ.
Көтерейік оданда қазағымды,
Халықпыз ғой онсызда біздер аз-ақ.
Мейрімсіздік бастайды адасуды,
Өзімшіл боп атаққа таласуды.
Бауырмалдық қалады жетімсіреп,
Алға қойып әр істі санасуды.
Мақтаншақтық, өтірік, өсегі бар,
Мал шашпақтық, еріншек кеселі бар.
Бес дұшпаның осылар Абай айтқан,
Арылмасақ бұлардың өсері бар.
Талап, еңбек, терең ой — бізге керек,
Қанағат пен рахым бар жанға медет.
Бес асыл іс осылар, алға бастар,
Бұлар барда жанданар өмір дерек...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу