Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  592


Автор: Жібек Ысқақова

КЕЛШІ ЖАНЫМ

Сағыныштан жанарыма жас келген,
Күндерім-ай сені іздеумен өткерген.
Екеумізді алшақтатқан тағдыр-ай,
Сені ойлаумен өртенуде от кеудем.
Келші жаным…
Жанарыма куаныш берші жаным.
Келші жаным…
Өміріме шаттық боп енші жаным.
Келші жаным
Келші жаным
Шын ғашықпын өзіңе сенші жаным,
келші жаным…
Сен деп соққан жүректі көрші жаным.
 Баурап алар сенің тәтті сөздерің,
Қызғанамын көздерінен өзгенің.
Алаулаған сезіміме өртеніп,
Сені аңсап Ай астында кезгенім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу