09.12.2023
422
Жаңа жылың, жаңа күн
Құтты болсын кеп жеткен,
Біздің жаңа жылымыз.
Жаңа жылда шаттана,
Таусылмасын жырымыз.
Бұл жаңа жыл сыйласын,
Қуанышын, шаттығын.
Жаңа жылмен жаңаша,
Есік ашсын тәтті күн.
Жаңа жылда жетейік,
Мол табысқа бәріміз.
Келер жаңа жылдарға,
Жетейік біз, бәріміз!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇