05.12.2023
103
Асылым
Әні: Садуақасов Марат
Сөзі: Маратова Арманай
Көңлiңнiң сырын көзiңнен көрем,
Сезiмнiң жыры үзiлгенменен.
Асылым, алшақ арамыз бiздiң
Қайтейiн... Бiрақ, өзiмнен көрем.
Қ-сы:
Ардақтым, асылымсың,
Салмақтым, жасығымсың.
Сүймесең сезiмiм бұл,
Жүректе жасырынсын.
Ұмытпас ғұмыр бойы
Ғазалым- ғашығымсың!
Жұдырық жүрек сыймай кеудеме,
Жанымды сонша қинайды-ау неге?!
Сағынып, аңсап , қиналып жаным,
Жүрегім сені қимайды-ау деме,
Қ-сы:
Ардақтым, асылымсың,
Салмақтым, жасығымсың.
Сүймесең сезiмiм бұл,
Жүректе жасырынсын.
Ұмытпас ғұмыр бойы
Ғазалым- ғашығымсың!
Маратова Арманай Шағанқызы
29.12.2017ж
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇