27.11.2023
  132


Автор: Сұрақ-жауап

Сұрақ: сәлеметсіздер ме. Сұрағым келгені, истибраны тек еркектер ғана жасай ма, әлде біз де жасауымыз керек пе?


Жазира.


 


Жауап


Сәлеметпіз. Әуелі, истибра деген – кіші дәрет қалдықтарынан түгелдей арылу. Кіші дәретке истибра жасау – сүннет. Истибра дәрет алмастан бұрын аздап күту, жүру, жөтелу арқылы жасалады. Бұл – ер кісілерге байланысты іс[1].


Имам Ибн Абидин (р.а) «Раддул-мухтар» еңбегінде «Истибра, истинқа және истинжәның айырмашылықтары бабында» бұған қатысты былай деді: «Мұнда[2] еркек пен әйел бірдей. Алайда истибра басқашалау, себебі әйел истибра жасамайды. Ол кіші дәретінен кейін истинжа жасағанға дейін кішігірім уақыт күтуі жеткілікті»[3].


Тоқетері: әйел адам истибра жасамайды.


Сәттілік иесі Алла ғана.


Айбек Әбдіқадыр


 


 


 


[1] Ислам ғылымхалы (ханафи мазхабы бойынша) М. Исаұлы; Қ. Жолдыбайұлы




[2] Яғни, истинқа мен истинжә мәселелерінде




[3] Раддул-мухтар






Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу