12.11.2023
  153


Автор: Тәуелсіздік күні

Құтты болсын тәуелсіздік күні бұл

Құтты болсын тәуелсіздік күні бұл, 


Елімізге қуанышын беретін. 


Ақындарым қалам алып қолына, 


Өлеңдетіп маржан сөзін теретін. 


 


Құтты болсын тәуелсіздік күні бұл, 


Берген бізге азаттықтың ақ таңын. 


Тыныш болсын қазақ жері жандана, 


Сезінетін әрбір күннің тәтті әнін. 


 


Құтты болсын тәуелсіздік күні бұл, 


Үн қататын құттықтап әр қазағым. 


Елім менің Егеменді, тәуелсіз, 


Арта берсін әр күн сайын ғажабың!  


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу