Өлеңдер ✍️

  09.11.2023
  208


Автор: Қабиден ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ

ЖОЛ ІЗДЕП ЖҮРМІН

Пейіште болған кешегі,
Адам ата мен Хауа ана.
Шәйтанның тиді кеселі
Салып бір көрсең санаға.


 


Ібіліс айтып ғазалын,
Жаңылыс жолды басқан кім?
Тағдырдың тартып азабын,
Жұмақтан жерге тасталдың.


 


Әзәзіл бастап күнәні,
Азғын ой шексең  , мін мүлде
Құдайдың ауыр сынағы,
Сезінбей соны жүрдің бе?


 


Адасып қалмау үшін де,
Нәпсіге берік тиым сал.
Кірлеген қоғам ішінде,
Кіршіксіз жүру қиын сәл.


 


Жол іздеп жүрмін басқалай,
Пендеге керек тәрбие.
Раббыңды ойдан тастамай,
Құранға құнық, бол ие.


 


Азғындап кеткен заманда,
Иманды сақтау қиын ғой,
Кітаптан басқа әманда,
Бермейді ешкім түйінді ой.


 


Нәпсіңді жауым деп білмей,
Жаппарды досым демессің,
Өмірде біздер көп күлмей,
Құранмен рухым тек өссін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу