05.11.2023
  262


Автор: Студенттер күні

Он жетінші қараша қуандырсын

Он жетінші қараша қуандырсын,
Студенттер күнінде жүзің жайнап.
Әр күндерің сәтті боп студенттер,
Жүріңіздер жарқырап, күліп, ойнап.

Тілеймін мен арайлы таң шуағын,
Студенттер жасай бер күлімдеп тек.
Студенттік өмірің шаттық сыйлап,
Бар жақсысын ұсынсын өмір мектеп.

Студенттік бал шақтар керемет боп,
Қызығымен жүректе, есте қалсын.
Студенттер күнінде күліп ойнап,
Алдағы күн тілеймін, бағың жансын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу