Өлеңдер ✍️

  31.08.2023
  55


Автор: Шөмішбай Сариев

Сыр айтам деп көңілге.

Сыр айтам деп көңілге.
балғын жастық тыныспен,
Бұл жырларым өмірге
жазып келген кіріспем
Балалықтан жаңа асқан –
жолдарымның жалғасы
Бүршік гүлін жаңа ашқан –
орманымның алғашы.
Қуаныштан көзімнің
тамып кеткен жасы бұл
Тамшылардан құралған
арманымның басы бұл.
Сол арманның толғағын
Алдарыңа ап келдім.
Өмірімнің жолдары –
жолдарында дәптердің




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу