Өлеңдер ✍️

  27.08.2023
  161


Автор: Шөмішбай Сариев

Дені сау адамдарға өмір — Жұмақ

Дені сау адамдарға өмір — Жұмақ,
Кәусардай мөлдірейді көңіл — бұлақ.
Кеуденің сәулесіндей көз-жанары,
Тірліктен жайнап өтер небір шырақ.
Дерті бар адамдарға өмір — тозақ,
Дерті бар адамдардан өмір де озад.
Құдайым, бұл өмірге не жаздым деп,
Амалсыз көкке қарап қолын созад.
Жандардан ғұмыр кешкен сұра небір,
Гүлдермен өлкең жайнап тұнады өңір.
Кей пенде өз бақытын сезінбейді,
Дені сау адамдарға жұмақ өмір.
Тілекпен қолын көкке созады өмір,
Созса да тірі жаннан озады өмір.
Дені сау адамдарға өмір — пейіш,
Дерті бар адамдарға тозақ өмір.
Денсаулық — мініп тұлпар пырағына,
Тірліктің отын жаққан шырағыңа.
Ана жақта білмеймін, осы өмірде
Өмірдің тозағы да,
Жұмағы да!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Жанна
Жанна 09.10.2023 10:40
Әсерлі

Пікір жазу