04.08.2023
  97


Автор: Білім күні

Құтты болсын жаңа оқу жылы бұл (анасы)

Құтты болсын жаңа оқу жылы бұл,
Ұлым менің, қызым менің ардағым.
Құтты болсын білім күні бүгінгі,
Қуанышта, сәтті атып таңдарың.

Барған бүгін есік ашып мектепке,
Қадамдарың оң болсыншы әр басқан.
Білім күні бар жақсыны сыйласын,
Жұлдыздарың жымың қағып сырласқан.

Зейіндерің ашылып, білімді бол,
Мектептегі күндерің бақыт сыйлап.
Ұлым, қызым оқу оқы, тағы оқы,
Ертеңгі күн беретін шаттық жинап...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу