24.07.2023
233
Конституция күнімен құттықтаймын!
Конституция күнімен құттықтаймын,
Егеменді, тәуелсіз Қазақ елі!
Тыныш болып еліміз жандансын тек,
Жанымызды тербелеп самал желі!
Ата-заңның мерекесі бүгінгі,
Құтты болсын, баршамызға қазағым!
Ынтымақ пен жалғасып сыйластығым,
Арта берсін қазағым-ау ғажабың!
Заң талабы орындалып оңынан,
Елімізде бұзақылық болмасын!
Әр күн сайын, әр ай, әрбір жылда да,
Жаратқаным біздерді тек қолдасын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇