Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.07.2023
264
Жоқ шығар мендей асау жан...
Жоқ шығар мендей асау жан,
Құлағыңа да тыным жоқ.
Кешірім саған жасаудан,
«Кешірші» деген күнім көп.
Тағы да өкпе, тағы дау,
Танбадың қалай есіңнен?!
Бәрін де соның, жаным-ау,
Махаббатың ба кешірген?
Жанарың жасқа толды ма,
Тамағыңа не тығылды?..
Шертіп жіберейін домбыра,
Серпіп жіберші мұңыңды!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇