Өлеңдер ✍️

  10.07.2023
  44


Автор: Серікбай Оспанов

Күн бұлттанды неліктен...

Күн бұлттанды неліктен,


Жел соқты ұрынып – желіккен!


Бақ іші көлеңке жамылып,


Айрылды лезде көріктен.


 


Бақта бұл жігіт те, қыз да жоқ,


Найзағай алыста сызады от.


Табиғат қазір мен сияқты


Отырған өзіңе ыза боп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу