Өлеңдер ✍️

  07.07.2023
  63


Автор: Серікбай Оспанов

Сенің үнің

Бар ардақтым өнер елі,


Ән менен күй, өлең еді.


Сенің үнің неге мені


Елжіретіп жібереді?!


 


Түні бойы ойлантады,


Көрмей бақыт табармын ба?


Сенің үнің оятады


Тәтті ұйқымнан таң алдында.


 


Дегендей ол жылынып ал,


Өн-бойыма таралады.


Жүрегіңнің дірілі бар


Үнің –


Жаным қалағаны.


 


Байқамайсың өзің мұны,


Ұмыттырдың өмір мұңын.


Сенің үнің – сезім гүлі,


Сенің үнің – көңіл күнім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу