Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.07.2023
154
Түс
Өмір деп білем ұйқыны
Өткенді қайта әкелген.
Түс көріп қызық кей күні,
Тілдесіп жүрем әкеммен.
Өлді деп тіпті білмеймін,
Сипайды келіп басымнан.
Қарындай еріп күнгейдің,
Жібермей құшам қасымнан.
Көремін сосын сағынып
Алыста жүрген адамды.
Өзіме артқан сан үміт,
Аяулы, асыл анамды.
...Өмір ғой өзі ұйқының,
Қоспаймын оны өлгенге.
Жетпейді тіпті кей күнің
Жақсы бір түсті көргенге!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇