Өлеңдер ✍️

  02.07.2023
  54


Автор: Серікбай Оспанов

Ауылда біздің алты үй бар еді...

Ауылда біздің алты үй бар еді,


Алты үйден ұшар ән-күй бар еді.


Ақшам кезінде аққу боп сыңсып,


Қараша қаздай қаңқылдар еді.


 


Сол жырлы ауылдан, сол гүл – даладан


Көп естілетін сонда іңгәлаған...


Анамыз да он бір құрсақ көтеріп,


Алтауымыз қалдық он бір баладан.


 


Талпына берді, шарқ ұра берді,


Алты үй боп отыр алты бала енді.


Аштықты көрген, соғысты көрген


Ауыл да қайта қалпына келді.


 


Алты үйдегі ұлдың бәрі де үйленді,


Жақсы-жаманды танып үйренді.


Өзіміз салған тек өртке кешегі


Жұбату қиын жаны күйгенді...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу