Өлеңдер ✍️

  28.05.2023
  76


Автор: Серікбай Оспанов

Балдай таудың баурайын...

Балдай таудың баурайын


Көмкерді ме гүл көркем?


Ақ құмына аунайын,


Бақытым ғой бұл мекен.


 


Барып бір күн қайтайын,


Сағынып ел жүр ме екен?


Арыз, арман айтайын,


Кіндік шеше бұл мекен!


 


Аяғымды   тұсады-ау


Қырық сылтау, күнде ертең.


Қиял-қанат,


Ұшам-ау...


Қол бұлғай ма бұл мекен?


 


Баста мені  Балдайға,


Ақ   кеме – арман,


Жыр – желкен!


Шақыратын шал  қайда?..


Енді әкем  ғой бұл  мекен!


 


Енді анам ғой бұл мекен,


Кең бабам  ғой бұл мекен.


Тәй-тәй басқан жерімді


Қызғыш қорып жүр ме екен?!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу