02.05.2023
  341


Автор: Жеңіс күні

Ашық болып көк аспан

Жеңіс күні кеп жетті,
Құтты болсын қазағым.
Қуанышта, шаттықта,
Тарқамасын базарың.

Жадырасын жанымыз,
Ашық болып көк аспан.
Жалғансын бақ-береке,
Күлімдеп таң әр атқан.

Жеңіс күні сыйласын,
Қуанышын, шаттығын.
Жанымызды тербейтін,
Таңғажайып, тәтті күн.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу