Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.04.2023
1264
Жүректерді ән тербеп
Ынтымақ, бірлік күнінде,
Қуаныштар жалғасар.
Бой көтеріп сыйластық,
Жүректерге орнасар.
Түрлі ұлттар ән салып,
Өнерлерін көрсетер.
Сыйластықпен үндесіп,
Әуенімен тербетер.
Бұл мереке ғажайып,
Көңілге күй беретін.
Түрлі ұлттар қауышып,
Маржан сөзін теретін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇