Өлеңдер ✍️

  05.04.2023
  294


Автор: Ғарышкерлер күні

12 сәуірде

Он екінші сәуірде таңғажайып,
Күн орнаған ерекше тарихи күн.
Ғарышкерлер күні бұл халықаралық,
Барша адамзат жасайтын тарихи үн.

Ғылым өсіп,  дамыған күні осы,
Ғарышкерің Ғарышқа сапар шеккен.
Ақыл-ойдың қарыштап өскен күні,
Ғылым дамып адамды ақылды еткен.

Осы күннен бастау алар атаулы күн,
Гагаринің ғарышты бағындырған.
Есімі енді тарихқа алғашқы боп,
Ғарышкерді әйгілеп,  бағын қылған.
Жібек  Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу