03.04.2023
  315


Автор: Серікбай Оспанов

Қарғалар

Ала қарға,
Қара қарға –
Ауылдарда
Қалаларда.
Ол – егістік далаларда,
Қыр мен ой, сай-салаларда,
Құс емес кой қарға жаман,
Ол тамақ та талғамаған.
Қорықпайды қыста қардан,
Сақтар дəнді
Тышқандардан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу