Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
03.04.2023
172
Зейін
Есеп шығара алады,
Жақсы баға алады.
Қиын небір жұмбақтың
Шешуін де табады.
Өлеңді тез жаттайды,
Бəрін есте сақтайды.
Мұғалім оған риза,
«Зейінді», – деп мақтайды.
– «Зейінділік не?» – дедім,
Айтты ұстазым себебін:
– Зейін – зердең, ықылас,
Ынтаң – ең, ең керегің!
Жеңем десең қиынды,
Болам десең зейінді,
Құлағыңа құйып ал,
Бол ынталы, пейілді!
Бəрі-бəрі пейілде,
Ақыл-ойың, зейінде!
Ұқ, білуге құштар бол
Мектепте де,
Үйіңде!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇