29.03.2023
  196


Автор: Әсерлі әңгімелер

Махаббат - 8 бөлім

Таңертең тұрып, шәйімізды іштік те, оқуға қарай тарттық. Бір уақытта көрші колледждің алдында Қанаттың машинасын көрдім. Неге тұр деп, қарап тұрмын. Жанына қарай бара жатқаным да колледжден музейде көрген қыз екеуі шығып келе жатыр. Қанат мені байқамады. Ал ол қыз байқап дереу Қанатқа жабыса бастады. Қанатта кетәрі емес, құшақтап қояды. Екеуі көлікке отырып, бір жаққа қарай кетіп қалды. Мен аң таңмын. Аяла жүр деп сүйрелеп келеді. Жаңа ғана не көрдім деп өзіме келе алмай жүрмін. Сонда екеумізбенде жүрме?

Сабаққа келіп отырдық. Оқуға деген құлшыныс жоқ. Бар ойым Қанатта. Телефонға қарап қоңырауын күттім. Әншейінде хабарлама жазып, хабарласа беретін, неге телефонда үн жоқ деп өз миымды өзім ашытып отырмын. Сабақ бітіп, шығып бара жатқанда, әлгі қыз мені күтіп тұр екен. Танымағансып кете берейін деп едім. Ол қыз:
—Тоқта!-деді.
Бұл сөзіне ашуым шыққанымен таң қалдым. Бет жүзіне қарап едім, тіпті менсінбегендей кейіп танытып тұр. Бір орындыққа келіп отырдық. Не айтары бар екен деп тосып тұрмын. —Қанаттан күдеріңді үз, ол менікі. Сен қалайша менің 2 жыл бойы өзіме қарата алмай жүрген жанның, екі үш күннің ішінде жүрегін жаулап аламын деп ойлайсың?- деді.
Менде қарап қалмай:
— Сүйгенді сүй, сүймегенге сүйкелме дегенді естуің бар шығар. Сондықтан енді оған жолаушы болма!-дедім.
Менде оңай адам емеспін. Оның осы сөзінен ақ, екеуінің жәй дос екенін түсініп, махаббатымызды сақтап қалу үшін аянбайтынымды түсіндім.

Қанат хабарласып кездесуге шақырды. Күндегідей екеуміз қыдырып, әңгіме қылып жүрміз. Оған менен жасырап нәрсең болса бірден айт деген едім, ол" жасыратын ештеңем жоқ. Тек сені кездестірген іс үшін Аллаға шексіз ризамын "деді. Ол сөзі маған күш берді.

Жалғасы бар




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу