24.03.2023
  105


Автор: 365 күн

30 наурызда әлемде қандай қызықты оқиға болды

30 наурыз – Жерді қорғау күні. Израиль басып алған аумақтан қуылған араб тұрғындары мен 1976 жылы араб жерлерін күштеп тартып алуға қарсы шеруге қатысып, Израиль полициясынан зорлық-зомбылық көрген азаматтарды еске алу мақсатында жыл сайын аталып өтеді.

Бүгін – АҚШ-та дәрігерлер күні. Бұл мереке АҚШ конгресі мен сенаты бекіткеннен кейін 1991 жылдан бастап тойланады. 1990 жылы АҚШ президенті үлкен Джордж Буш осы мейрамды атап өту туралы шешімге қол қойған. Мейрамның тарихы 1842 жылы дәрігер Крауфорд Лонг анестезияны алғаш рет пайдаланған күннен басталады.

30 наурыз – Жер сағаты күні. Биыл бұл акция сағат 20:30-21:30 аралығында ұйымдастырылады. Бұл – әлемдік деңгейдейде өтетін шара. Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (World Wide Fund for Nature, WWF) Жер сағатын жыл сайын наурыз айының соңғы сенбісінде атап өтеді. Әлемнің түрлі еліндегі акцияға қатысушылар 1 сағатқа электр энергиясын өшіреді. Осылайша, олар жаһандық климат өзгерісі және тағы басқа өзекті проблемаларға халықтың назарын аудартқысы келеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу