Өлеңдер ✍️

  09.03.2023
  687


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Не сыйлаймын саған жаным-ау

Мерекеңде жақындап келіп қалды,


Не сыйлаймын?не қалайсың? Менің солай басым қатты.


Сұлулықты бергім келді өзім-ақ,


Тек Құдайым беріп қойған молынан,


Өлеңімді сыйлайынба жазылған.


Бірақ саған күнде өлең арнағам,


Жүрегімді жұлып алып сыйласам,


Бірақ жүректі беріп қойғам баяғыдан.


Күлкі сыйлап қуантайын өзіңді.


Бірақ қазір бақыттысың көңілді,


Менің берген күлкімсіз-ақ сұлусың,


Жетіп жатыр мына өзіңе қылықты.


Қара сұлу шаш сыйласамба тартымды,


Әттең өзің әдемісің бұрымды.


Күн мен айды сыйлай алмайм өзіңе,


Сендей күнге қалай сыйлайм өзіңді.


Қара болған көзімді саған берейінбе,


Тек өзіңде мөлдір көз бар сүйкімді,


Не сыйлаймын?бұл сұраққа мен емес,


Менен бұрын ойланыпты Тәңірі.


 


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу