Өлеңдер ✍️

  20.11.2022
  491


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Ұмытпадым

 


Алысқанмын.
Арбасынан өмірдің күнде құлап,
Шындық іздеп, бір күліп, бірде жылап.
Сыртты баптап, өзімді ойламаппын,
Жүрдім екен, білмеймін, кімге ұнап?


Жұбатқанмын.
Адамдарды, ақтарған маған мұңын,
Бәйек болам, тазалап, қараң күнін.
Мен мұңайсам, жүреді келеке ғып,
Сорымба деп ойлаймын… адалдығым!


Жылатқанмын.
Ішіндегі жүректің, жүректерін,
Өз жүрегім өзім деп, түзеп кемін.
Ол да кейде, көңілге тас атады,
Басып өткен, ұмытып жүз өткелін!


Ұмытпадым.
Жамандықты, жақсыны мен бірақ та,
Теріс мінем, кей-кейде теңбіл атқа.
Мақтаншақ та, кекшіл де, емеспін мен,
Ұмыттырмыс қаламым, кер құлаққа!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу