Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.11.2022
533
Жаңа жылым ынтымағым, бірлігім
Жаңа жылым ынтымағым, бірлігім,
Жалғасатын бейбіт күнім, тірлігім.
Ал қадамың оңды болсын жиырма үш,
Қоян жылым ашар күліп түндігін.
Жаңа жылым бауырмалдық көп болар,
Араздастық жаңа жылда жоқ болар.
Ренжіскендер татуласып лайым,
Көңіліміз жайма шуақ, тоқ болар.
Жаңа жылым достық жылы ең адал,
Болар достар амал дос жоқ, тең адам.
Жаңа жылым сыйластықтың мекені,
Көбейетін жүректері кең адам.
Жібек Искакова
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇