Өлеңдер ✍️

  12.11.2022
  89


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Тілеуханов Бекболатқа

Тілеуханов Бекболатжан - қымбаттым,
Ата-бабам сазыменен тіл каттың.
Домбыраны безілдетіп сөйлеттің,
Қобызыңмен бес ғасырды жырлаттың.
Бір ғасырда бір туар ұл - Бегімсің,
Тұла бойың тұнған өнер сезімсің.
Мақтан етер ұлым сенсің - Бекболат,
Ұлан байтақ, Қазақ елі- өзіңсің.
Шалқар сазды, шымыр тұлға қаршығам,
Тұла бойың тұнып тұрған ән шығар.
Өзге елдің әуеніне бой ұрған,
Ұрпақтарды тексіздіктен аршып ал.
Мақтанышым, асыл текті - жанарым,
Тіл мен көзден аман жүрші қарағым.
Қоңыр үнді қобызыңды сөйлетесең,
Сай-сүйекті сырқыратып аламын.
Сендей болсын халқымыздың бір ұлы,
Ұлы өнерде биік болсын тұғырың.
Байтақ елден бата алып самғай бер,
Айналайын, ұзақ болсын ғұмырың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу