Эсселер ✍️

  07.11.2022
  155


Автор: Тәуелсіздік күні

Тәуелсізбіз, азатпыз — 31 жыл ашты есік

Тарих беттеріне көз салар болсақ бұл қазағымның басына не келіп, не кетпеді десеңізші?! Таризшылар барлығын зерттеп, зерделеп бізге Қазақстанның тарихы ретінде ұсынып отқан жоқ па?! Әрбір адамның қанша жасқа толса да сол күнге дейінгі тарих беттеріне қосылған өткен күндері болады. Сол сияқты Қазақ елінің де басынан өткен небір зұлматты күндері тарих боп бізге келуде. Біздің өткеніміз болашаққа жол салатындай оның алтын діңгегі іспеттес. Тарихымызды білу арқылы болашаққа, келер күнге жол ашатынымыз тағы бар. Сол өткен күндердің қазақ еліне салған нәубеті мен ата-бабаларымыздың сол шақтағы қиындықтары бұл күндері Тәуелсіз ел болуымызға өзіндік үлесін қосып отқаны айдан анық. Сол өткен күндердің алтын діңгегі саналатын тарихын оқып, ертеңгі күндерге жарқын болашағын сыйлары анық.
Міне қаншама жылдан бері біреуге арман болып, енді біреуге алынбас қамал болып көрінген Тәуелсіздіктің ақ таңы біздің заманымызға бұйырған екен. Сонау 1991 жылы Тәуелсіздікті алып, тәй-тәйлап қадам басқан Тәуелсіз Қазақстаным бұл күндері орда бұзар отыз жасынан асып, отыз бір жасына қадам басып отыр.
Қаншама қиындық пен нәубетті басынан өткерген Қазақстаным! Келіп жеткен отыз бір жасың құтты болсын! Тәуелсіздіктің Отыз бір жыл, одан әрі қарай отыз бес, қырық-елу, алпыс, жетпіс сексен, тоқсан, жүз жылдық мерейтойларын тойлай беруді қазағыма нәсіп етсін! Хвлқымыздың бақытына айналған Тәуелсіздік күні әрі қарай жалғасын таба берсін!
Қазақстаным, азат елім — Тәуелсіздігің тұғырлы болсын, Азаттығың бақ сыйлап, азат күнің жалғана берсін! Қазыбек би атамыз: «Қазақта ұл туса құл боламын деп тумайды, қазақта қыз туса күң боламын деп тумайды»: деп айтқанындай, ұл туса шаңырақтың иесі болатындай, ел бастайтын, ел қорғайтын ұл тусын, қыз туса қазақ елінің тәрбиесін жақсарьатындай, биязы қалпынан танбайтын, алтын құрсақты ана атанардай қыз тусын, барлығы да тәуелсіздіктің ақ таңына шомылып, азаттықтың шуақты күндерін сезіне білсін! Қазақ деген атымыз өшпесін, азат деген атымыз сөнбесін, жарқырай бер жалындай бер Отаным, Қазақстаным!

«Ғажайып Қазақстан —2050» журналының және «Ғажайып Қазақстан»  газетінің бас редакторы Жібек Искакова,  Түркістан қаласы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу