03.11.2022
228
Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы
Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Отыз бір жас есік ашқан бұл күні.
Арайлы таң шуағына бөлесін,
Шаттығымен тербеп бізді күн нұры.
Қазақ елі жасай берсін, жайнасын,
Тәуелсіздік тұғырлы боп мәңгілік.
Байрағымыз көк аспанда желбіреп,
Біз жүрейік азаттықты ән қылып.
Көңілдерде бар жақсылық орнасын,
Жаратқаным жар боп бізге лайым.
Тәуелсіздік мерекесі тойлансын,
Әр жыл сайын қолдап бізді Құдайым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇