Өлеңдер ✍️

  13.10.2022
  352


Автор: Нұрмұхаммед Әбілқасымов

Долы қатын

 


Абайсызда басы тасқа соғылатын,
Әркімнің де кезі бар жаңылатын.


Адал жар оттың басын гүл жайнатса,
Кейбіреудің болады соры қатын.


Долылықпен болмайтынды болдыратын,


Ызғарына өзге жанды тоңдыратын.


Айтпай келген апатты бұрқасындай,
Жапырақты мезгілден тыс солдыратын.


Ер жігіттің кезі бар жонылатын,


Алса егер бұрқасындай долы қатын.


Азаматтар, бұл сөзіммен келіспеңдер,


Маңдайына жақсы әйел кеп жолығатын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу