Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  94


Автор: Түрікмен поэзиясы

ІШСЕҢ, САЛҚЫН БҰЛАҚ БОЛЫП АҒАЙЫН

Асықпашы, аялдашы, асылым,
Көздеріңе құмарта бір қарайын.
Ұзамашы қасымнан сен, ғашығым,
Ұялмашы, төсіңе гүл қадайын.
Асықпашы, бақытым-ау, тағы да,
Каспийден мен жаңа жеттім жаныңа.
Мұргаб қызы, əн арнадым сағына,
Сыйлашы наз мейманыңа – жарыңа.
Аялдашы, қолаң шашың тарайын,
Ал құлпыршы, көркіңе ұзақ қарайын.
Кел, маралым, аялайын, бағайын,
Ішсең, салқын бұлақ болып ағайын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу