03.10.2022
  246


Автор: Ертай Ашықбаев

ҚҰЙЫН МЕН ҚАҢБАҚ

Құйын шаңды үйірді,
Кезді талай қиырды.
Тиісті көк құраққа,
Қоқым шашты бұлаққа.
Көнбеді бұл қылыққа
Кеше егілген шыбық та.
Болғанымен бір қарыс,
Қозғалмады күнбағыс.
«Жоғал, — деді, — сауыңда», —
Сәл сарғайған қауын да.
Тұрды бәрі кектеніп.
...Қаңбақ қана кетті еріп




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу