03.10.2022
  97


Автор: Ертай Ашықбаев

Мысық

Өсіп кетсе ағамыздың сақалы,
Ұстарасын ызыңдатып жатады.
Сол көрініс, бәлкім, мықтап ұнады?
Ала мысық ұз-а-қ қарап тұрады.
Қозғалмастан отырғаны бір түрлі.
...Ойлай ма екен:
«Мен қайтем, — деп, — мұртымды?»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу