03.10.2022
  134


Автор: Ертай Ашықбаев

КҮЛГІН БҰЛТ

Суық желге төзгенмен,
Дала, бір сыр ұқтырдың.
... Бұлттың түсі өзгерген,
Бұлттың түсі — күп-күлгін.
Бұлт — күп-күлгін.
О, неге?
Кім өзгеріс жасады?
Күлгін бұлт жүр төбеде,
Күлгін сәуле шашады.
Күн жаууға бекінді,
Үнсіз қалды дала да.
... Күлгін сия секілді
Күлгін тамшы тама ма?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу