Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  373


Автор: Ертай Ашықбаев

СӘУІР

Мен — Сәуірмін,
Сәуірмін,
Кезіп келем көшені.
Берекесі жауынның —
Көк қылтиып өседі.
Қараған соң күліп Күн,
Сылдырлайды өзенім.
Шуақ таңға іліктім,
Талмас енді өзегім.
Құт-береке —
жолдасым,
Тиер елге көп пайдам.
Бір СЫЙЛЫҒЫМ — төлбасым,
Бір СЫЙЛЫҒЫМ — тәтті айран.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу