Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.10.2022
286
ЖЕКСЕНБІЛІК ҚЫСТЫРМА СӨЗ
Қаншама ойнадық топ құрап,
Жексенбі —
біздерге ұнар күн.
Ертеңді ұмытқам жоқ, бірақ,
ӘРИНЕ, есепті шығардым.
Шыршалар —
үлпілдек гүлдесте,
Сілкісең төгеді ақ қарды.
Дүйсенбі, ӘРИНЕ, жүрді есте,
ӘЛБЕТТЕ, ережем жатталды.
Солайша демалдым.
Таң атты.
«Кеттік», — деп сөмкем тұр қасымда.
...Ойнадым.
Оқыдым сабақты:
Жексенбі — жақсы күн, РАСЫНДА.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇