Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.10.2022
296
ҚАРСЫЛЫҚТЫ ЖАЛҒАУЛЫҚТАР
Дірдектеме,
тоңба да,
Аяз түскен жоқ әлі.
Қыс келген жоқ,
СОНДА ДА,
Салқын самал соғады.
Көше толы арайға,
Күн күлімдеп қарады.
Мұз қатқан жоқ,
АЛАЙДА,
Құстар қайтып барады.
Ұнат,
мейлі,
ұнатпа,
Санап басам әр ізді.
Мектеп —
алыс,
БІРАҚ ТА,
Жақын қалған тәрізді.
Сүйреп ынта,
талап та,
Әр кітапты қолға ала,
Дайындалдым сабаққа,
...Қобалжимын,
СОНДА ДА...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇