Адольф Гитлер

Адольф Гитлер (нем. Adolf Hitler [ˈaːdɔlf ˈhɪtlɐ]; ( 20 сәуір 1889 — 30 сәуір, 1945) — Үшінші рейх тоталитарлық диктатурасының негізін қалаушы, ұлттық-социализмнің орталық тұлғасы, неміс ұлттық-социалисттік жұмысшы партиясының нем. Nationalsozialistische Deutsche Arbeiterpartei көсемі (1921—1945), Германия рейхсканцлері (1933—1945), Германия фюрері (1934—1945), Екінші дүниежүзілік соғыста Германия қарулы күштерінің бас қолбасшысы (1941 жылдың 19 желтоқсанынан).

Өмірі:
Адольф Гитлер 1889 жылдың 20 сәуірінде қазіргі Аустрия елінің Браунау ам Инн жерінде дүниеге келген. Әкесі — кеден қызметкері Алойс Гитлер (нем. Alois Hitler) анасы — Клара Пөлцель (нем. Clara Pölzel). 1903 жылы әкесі, 1907 жылы анасы дүниеден өтеді. 1905 жылы мектепті аяқтамай тастап кетеді. Кейін Гитлер Австрияның астанасы, Вена қаласына қоныс аударады. 1913 жылы Германияның Мюнхен қаласына көшеді.

Гитлер Австриядан шыққан неміс саясаткері әрі диктаторы болды. Ол 1933 – 1945 жылдар аралығында канцлер болып билік етеді. Сондай-ақ, 1921 жылдан бастап НСДАП партиясының басшысы және нацистік Германияның көсемі болып та саналады. Канцлер болып тұрған шағында өзін неміс Рейхының ең жоғарғы қолбасшысы, лидері деп санады.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: