Янник Синнер

Янник Синнер (Jannik Sinner) – қазіргі әлемдік теннистің жұлдызы, Италияның мақтанышы.

2001 жылы 16 тамызда Италияның Сан-Кандидо қаласында туған.

Балалық шағында кәсіби деңгейде шаңғы тебумен айналысқан, кейін тенниске толық ауысты.

Оңқай, екі қолмен бэкхэнд соғады.

Жасөспірім кезінде үлкен жетістіктері аз болғанымен, 18 жасында-ақ ATP турнирлерінде өзін көрсете бастады.

2024 жылы Australian Open турнирін жеңіп, алғаш рет Grand Slam чемпионы атанды.

Қазіргі таңда әлемнің үздік теннисшілерінің қатарында, жиі ATP рейтингісінде алғашқы үштікте тұр.

Стилі – жылдамдық, шабуылдаушы соққылар және темірдей мықты психология.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: