Дәмелі Құсайынқызы

Дәмелі Құсайынқызы 1938 жылы Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жосалы ауылында дүниеге келген. Ол 1956 жылы Бұлдырты орта мектебінен білім алған. Отбасы жағдайына байланысты жоғары білім ала алмағанымен көп оқып, көп ізденіп, өзінің рухани қажеттілігін жетілдіріп отырған ардақты жан. 32 жыл ұстаздық қызмет атқарып, 1988 жылы зейнеткерлік демалысқа шықты. Жолдасы Қажығалиев Шапай жоғары білімді, Қазақстан Республикасының халық ағарту ісінің үздігі атанған ұстаз. 10 бала тәрбиелеп өсірген Батыр ана.

Дәмелі Құсайынқызы он саусағынан өнер тамған іскер. Әрі ақын, әрі батыр ана. Бір басына біраз өнерді жинақтаған Дәмелі Құсайынқызы өлең де жазады, өзі жазған өлеңдеріне саз шығарып, оны домбырамен орындап та жүр.

Дәмелі Құсайықызының әсем жырлары, өрнекті ойлары «Әке», «Мұра», «Өнер өрге өрлетеді», «Із», «Өлең өлкесінде», «Жан Жарығы», «Тұлғалар», «Қолтаңба» атты шығармаларында берілген. Дәмелі Құсайынқызы тек ақын ғана емес, ол қолөнер шебері. Ұлттық қолөнер шебері Дәмелі Құсайынқызы төрт киіз үй тіккен. Киіз үйінің біреуін Елбасына арнаған.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: